Банк арқылы алаяқтарға аударылған ақшаны қалай қайтарып алуға болады

Алматы прокуратурасы 2025 жылғы 4 наурызда егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дропперлерден келтірілген залалды қалай өтеуге болатындығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, дропперлер – бұл алаяқтар ақша алу үшін пайдаланатын адам.
Әдетте, банк шоттары, карточкалар арқылы аударым жасалады немесе ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналады.
Өндіріп алудың мұндай мүмкіндігі негізсіз байыту кезінде қаражат пен мүлікті қайтару міндетін көздейтін ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабымен регламенттелген.
Талап арыз беру үшін мынадай құжаттар қажет:
- қылмыстық істі СДТБ-не енгізу туралы баянаттың көшірмесі;
- жәбірленушіні тану туралы қаулының көшірмесі;
- банктен адамның шотына ақша қаражатын аудару туралы жауап;
- шотына ақшалай қаражат түскен адамнан жауап алу ("дропперлер").
"Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, қосымша сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге құқығыңыз бар",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, мамандар азаматтарды мұқият болуға және өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Бұған дейін Алматы емханаларында пациенттерді сәйкестендіру үшін Face ID жүйесі енгізілуде екендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript