Алаяқтар енді сот алдындағы жауапкерлерді сан соқтырып кетуде

Қазақстанда жалған сот талқылауларымен байланысты алаяқтық жиі кездеседі. Мамандар алаяқтықтың алдын алуға және жеке қауіпсіздікті сақтауға көмектесетін маңызды ұсыныстармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алаяқтар әдетте, сот алдындағы жауапкер адамдарға қоңырау шалып, сот отырысына қатысуын растауды сұрайды. Өздерін сенімді көз ретінде көрсету үшін олар фамилиясын, аты-жөнін (ТАӘ), жеке деректерін, жалған немесе жарамды сот ісі бойынша ақпаратты хабарлайды.
Артынша, қатысуды растау үшін алаяқтар SMS-код баратынын айтып, оны айтуды сұрайды. Осылайша олар өздеріне қажет ақпараттарға қол жеткізе алады.
"Қарапайым адамдарға хабарласпас бұрын шабуылдаушылар оларды әлеуметтік желілер мен ағып кеткен мәліметтер базасы арқылы мұқият зерттейді",- деп ескертті мамандар.
Негізгі кеңестер:
- Егер SMS-те белгілі бір лауазымды тұлғаға кодты айту сұралмаса, оны ешқашан бөгде адамдарға айтпаңыз.
- Әлеуметтік желідегі парақшаларыңызды бөгде адамдар үшін қолжетімсіз етіңіз. Сіздің жазбаларыңызды тек таныстарыңыз көре алатын болсын.
- Кез келген жағдайда сабырлы және қырағы болыңыз.
Бұған дейін елордада азаматтарды пәтерге тіркеу шектелетіндігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript