Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқтар салық төлеу туралы жалған хабарламалар жібере бастады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, салық, алаяқ, фейк хабарлама, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 09:59 Сурет: pexels
Мемлекеттік кірістер комитеті банктің мобильді қосымшалары арқылы пайдаланушыларға мүлік және көлік салығын төлеу қажеттігі туралы жалған хабарламалар жіберумен байланысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, салық төлеушінің жеке кабинетіне электрондық тәсілмен, мобильдік қосымша арқылы электрондық тәсілмен жіберілетінін атап өтті.

Фейк хабарламаны қалай анықтаймыз

Мыналарға назар аударыңыз:

  • хабарламаны жіберушінің қате көрсету, мысалы «ҚР салықтары» АҚ»;

  • мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек, мүлік салығы - жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы – салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі;

  • салықтарды төлеудің белгіленген мерзімдері бар: көлік салығы бойынша – 1 сәуірден кешіктірмей, мүлік салығы бойынша – 1 қазаннан кешіктірмей. Тиісінше хабарламалар осы мерзімге дейін әрбір салық бойынша жіберіледі.

Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында "Алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады;

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Салық органының барлық есептеулері және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Осыған байланысты, анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша жүгіне алады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: