Мүлік салығын қашан төлеу керек
Осылайша, 2021 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен (күнтізбелік жылдан) кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, яғни 2022 жылдың 1 қазаннан кешіктірілмей жүргізіледі.
Мүлік салығы бойынша берешекті Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) сайтынан «Электрондық қызметтер» бөлімінен көруге болады. Ол үшін ЖСН енгізу қажет. Оны «электрондық үкімет» порталында немесе «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек қызметі» бөліміндегі «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы ЖСН енгізу арқылы жасауға болады.
Басқармада артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару жолдары да айтылды. Оны қайтаруды мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші берген салық өтініші мен тиісті мемлекеттік органның декларацияның заңдылығын растайтын құжаты негізінде жүргізеді.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару салықты қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банк шотына оны төлеу орны бойынша жүргізіледі.
Сонымен бірге Мемлекеттік кірістер департаменті баждың артық төленген сомасын қайтару үшін құжаттар мұндай соманы бюджетке төлеген күннен бастап үш жылдық кезең өткенге дейін мемлекеттік кірістер органына ұсынылуға тиіс екенін ескертті.