Мүлік салығы: қашан төлеу керек, қалай тексереміз және кешіктірсе не болады
Сурет: pexels
2025 жылғы 26 маусымда Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі биылғы 1 қазанда аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құны негізінде есептеледі. Бұл құнды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы анықтайды және меншік иесінің нақты иелену мерзіміне байланысты болады.
"Салық кодексіне сәйкес, алдағы төлемдер туралы хабарламалар биылғы шілде айында меншік иелеріне жолданады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға мүлік салығы бойынша алдағы төлемдер туралы PUSH-хабарламалар жіберіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 2 қазаннан бастап мүлік салығын уақытында төлемеген азаматтарға салықтық берешек туралы хабарлама жіберіледі.
Салықты келесі жолдармен төлеуге болады:
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы;
- екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
- "Электрондық үкімет" порталы арқылы;
- банктердің бөлімшелерінде қолма-қол ақшамен;
- төлем терминалдары және банкоматтар арқылы, банк картасын пайдаланып.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript