Төтенше жағдайлар министрі су тасқынына дайындықты жедел аяқтауды тапсырды

Төтенше жағдайлар министрі су тасқынына дайындықты жедел аяқтауды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 09:45 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын аяқтап, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство басшысы инспекцияның екінші күні аясында Бөрлі ауданына барып, су тасқыны қаупі бар учаскелерді, салынған бөгендердің ұзындығы мен беріктігін, сондай-ақ тез салынатын бастиондарды қарап шықты.

"Су тасқыны кезеңінің салдарын болдырмау үшін монтаждау-құрылыс іс-шараларын қоса алғанда, бірқатар күрделі және ауқымды жұмыстар жүргізілді. Су тасқынына қарсы барлық шара уақытылы және толық көлемде жүзеге асырылуы маңызды". Шыңғыс Әрінов

Министр жергілікті қызметтерге қауіпті аймақтарға ерекше назар аудара отырып, су тасқынына дайындықты жедел аяқтауды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: