Тоқаев 8 наурыз қарсаңында қазақстандық әйелдерді түрлі саладағы қызметі үшін марапаттады

Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 10:01 Сурет: akorda.kz
Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында:

  • 4 еңбек ардагері;
  • 19  жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
  • 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
  • 6 кәсіпорын басшысы;
  • 3 қоғамдық ұйым өкілі;
  • 7 мемлекеттік қызметкер;
  • 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы
  • Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
  • Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы
  • Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі
  • Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі;

 "Парасат" орденімен

  • Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – "Қарақат" мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
  • Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты
  • Құспан Айгүл Сайфоллақызы  – Парламент Мәжілісінің депутаты
  • Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы" КМҚК әншісі-әртісі

 "Құрмет" орденімен

  • Абиева Раиса Леонидовна – "Абиев А.А." ШҚ басшысы, Жетісу облысы
  • Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы
  • Айтбаева Шолпан Сашкенқызы – еңбек ардагері, Астана қаласы
  • Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы "Шу" өндірістік бөлімшесінің инженері
  • Әбенова Күлпаш Қайроллақызы – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы
  • Әзімқұлова Әділет  Срадинқызы  – еңбек ардагері, Түркістан облысы
  • Гияги Роза Римовна – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы
  • Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы –  "М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)" КММ мұғалімі, Қызылорда облысы
  • Елеуова Қаракөз Темірбекқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы
  • Земляная Людмила Дмитриевна – "Жер су" ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы
  • Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы – "BESTKZ.KST" ЖШС басшысы, Қостанай қаласы
  • Қанапина Гүлнар Бекежанқызы – "Қазақстан Алюминийі" АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы
  • Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 14 жалпы білім беретін мектеп" КММ мұғалімі
  • Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы – "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС бас директоры
  • Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – "Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі" МКҚК директоры, Ақтөбе облысы
  • Одинцова Маргарита Владимировна – Жоғарғы Соттың судьясы
  • Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы  –  "Назарбаев университет" ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы
  • Үмбеталина Марал Әбдірашқызы  – "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы
  • Хамитова Алмагүл Мәжитқызы –  "Желаев нан өнімдері комбинаты" АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы
  • Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі" РМК дәрігері;

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен

  • Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы  – "Қазақмыс" корпорациясы» ЖШС филиалы "Қ. Сәтбаев атындағы "Жезқазғантүсмет" ӨБ электрмен дәнекерлеушісі
  • Мадимарова Анар Серікбайқызы – "Тараз металлургиялық зауыты" ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы
  • Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы – "Altyntau Kokshetau" АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы
  • Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы –  "Ақ Жайық-7" ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы
  • Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері;

 "Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы – "Өскемен ЖЭО" ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы
  • Әбелдинова Надежда Николайқызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері
  • Бәкірова Қарлығаш  Тастанбекқызы – "№ 13 қалалық емхана" МКК дәрігері, Астана қаласы
  • Жамалиева Әлима Аманжолқызы  –  Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі
  • Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы  – "Кажсервис" ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы
  • Игбаева Меруерт Асылханқызы – Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары
  • Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы – "Алматыэлектротранс" ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы
  • Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы – "Астана-АЭК" АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы
  • Русинова Ольга Владимировна – "Қазтелерадио" АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы
  • Сарымсақова Айна Абылайқызы –  Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы
  • Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы  – "Almaty turmystyq tehnika zavody" ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы
  • Табергенова Айгүл Олжабайқызы – "Дара" қайырымдылық қоры "Ерте қолдау" жобасының жетекшісі, Астана қаласы
  • Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы – "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ бас директорының орынбасары
  • Шек Наталья Анатольевна  – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы;

 "Шапағат" медалімен

  • Әлімбаева Динара Төлегенқызы – "Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ аға мейіргері
  • Әуренова Мәдина Дәулетханқызы – "DEMEY" оңалту және түзету орталығы" ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы
  • Васина Светлана Станиславовна – "Moon-Ай" музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
  • Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы – "New Decision Group» ғылыми-зерттеу агенттігі" ЖШС басшысы, Алматы қаласы
  • Михеева Елена Валериевна – "Moon-Ай" музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
  • Орынбаева Алтынай Романқызы – "Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы" КММ бөлім бастығы
  • Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері наградталды.

 "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы

  • Аханова Бақытжан Омарғалиқызы –   Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы "Балалар музыка мектебі" КМҚК директоры;

"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы

  • Үкібасова Талшын Мұқадесқызы  – "University medical centre" корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы;

"Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" құрметті атағы

  • Шелудько Ольга Николаевна – Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы;

"Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" құрметті атағы

  • Ерманова Майра Жұратбекқызы – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы - "Жезқазғантүстімет" ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы берілді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: