Тоқаев қазақстандықтарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқаевтың сөзінше, халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көп әйелдің есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған.
Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.
"Барлық әйелдің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев.
Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады.
"Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!"Қасым-Жомарт Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript