Петропавлда мас ер кісі адамдарды тапаншамен қорқытты

Ұлттық ұлан офицері қарулы бұзақыны залалсыздандырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2025 16:56 Сурет: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Петропавлда Ұлттық ұлан офицері бұзақының қолынан қаруды алып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскери қызметші туыстарынан қайтып келе жатып, үйдің ауласында мас күйдегі кісінің өтіп бара жатқан адамдарға тапаншаға ұқсас затты сермеп тұрғанын көрген.

Офицер бұзақының қасына дереу жеткен сәтте ол тапаншаны әскери қызметшіге бағыттады. Капитан қоян-қолтық ұрыс әдістерін қолдана отырып, жас жігітті қозғалтпай ұстап, полиция қызметкерлері келгенше жібермей тұрды.

Содан кейін ұландық оны оқиға орнына келген ішкі істер органдарының қызметтік жасағына тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: