Қазақстанда кейінгі үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырынған жер анықталды

Ішкі істер министрлігі ел аумағында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталып, 360 түрлі атыс қару, 12 граната және үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
"Сонымен қатар бұрын ұрланған жеті қару анықталды, оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұдан бөлек, бұрын жоғалған алты қару тәркіленіп, 14 қару ерікті түрде тапсырылды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Шара барысында атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүрудің 120 фактісі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript