Қазақстанда қанша ауылдың ішімдіктен толықтай бас тартқандығы белгілі болды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 16:17 Фото: unsplash
Ішкі істер министрлігі ел аумағында көшелер мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. 4 ақпанда "Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындысы жайлы ведомство ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, жұмыс мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және еріктілермен бірлесіп жүзеге асырылды. Нысаналы профилактикаға ерекше назар аударылды.

"Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 9 мыңнан астам тұлға тексерілді. Нәтижесінде олардың тарапынан жасалған 2,8 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Соттар 850 құқық бұзушының мінез құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі. 900-ден астам профилактикалық антиалкогольдік акция өткізілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, ішімдіктен бас тартқан елді мекендердің қатары көбейіп келеді.

"Бүгінде 546 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтыну мен сатудан ерікті түрде бас тартты. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейінің, соның ішінде алкогольдік мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың төмендеуі байқалуда. Біздің ортақ міндетіміз — қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, отбасын қорғау және "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Алматыда кадеттер арасында дзюдодан қала чемпионаты өтетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: