Алматыда кадеттер арасында дзюдодан қала чемпионаты өтеді

2026 жылы 7-8 ақпанда Алматыда 2011-2012 жылы туған кіші кадет ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан қала чемпионаты өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 15:41 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылы 7-8 ақпанда Алматыда 2011-2012 жылы туған кіші кадет ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан қала чемпионаты өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Жарыс Зерделі шағынауданындағы 1/122 мекенжайында орналасқан "Зерделі" денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді. Күрес 8 ақпан күні сағат 09:00-де басталады.

Чемпионаттың негізгі мақсаты — дзюдоны кеңінен насихаттау, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жас спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру, сондай-ақ Алматы қаласының құрама командасына үміткерлерді іріктеу.

Турнирге қаланың спорт мектептері мен секцияларының тәрбиеленушілері қатысып, салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: