Қызылорда облысында су еріп, үйлерді басып қала жаздады

Қызылорда облысында су еріп, үйлерді басып қала жаздады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2025 17:13 Сурет: Zakon.kz
Кеше, 8 наурыз күні кешке Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне су жайылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, су тұрғын үйлердің аумағына кірмеген, зардап шеккендер жоқ.

"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдары жедел жетті. Салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам және 14 бірлік техника, оның ішінде мотопомпалар жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерді су басуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: