ҚМДБ Рамазан айында ауызашар бағасының шарықтап кеткеніне алаңдап, әділдікке шақырады

Рамадан, рамазан, ислам, пост, мусульмане, мусульманство, Коран, финики, ораза, ураза, мусульманский пост, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 13:48 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 12 наурызында ҚМДБ мәлімдеме жасады. Онда дәмхана, мейрамхана және басқа да қоғамдық тамақтандыру орындарының иелеріне Рамазан айында ауызашар дастарханының ас мәзірін қолжетімді бағамен ұсынуды сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, ҚМДБ оразаның рухани тазару уақыты екенін, ауызашар ұйымдастыру жарысқа айналмауы немесе шектен шығуға апармауы керектігін баса айтты.

Өкінішке қарай, соңғы кездері еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушіліктің туындауына себепші болуда. ҚМДБ

Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді. Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс.

Қасиетті Құранда: "... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді" делінген ("Ағраф" сүресі, 31-аят).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафелер мен тамақтану орындарының иелеріне халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырады.

Алла Тағала халқымызға екі дүние бақытын нәсіп етіп, қасиетті Рамазан айында жасаған ізгі амалдарымызға мол сауаптан жазғай. Әумин! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Қасиетті Рамазан айы 2025 жылдың 1 наурызында басталды.

26 наурыздан 27 наурызға қараған түн қасиетті Қадір түні (Қадір түні). 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: