Қазақстандағы маркетплейстерді бөлшек сауда орындарымен теңестіргісі келеді

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 13:19 Фото: freepik
Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов 2025 жылдың 14 наурызында тұтынушылардың құқығын қорғау үшін маркетплейстер бөлшек сауда нысандарымен тең болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: бизнес, мемлекет және қоғам диалогы" форумында спикер атап өткендей, заң жобасы Мәжілісте қаралуда.

"Электрондық коммерция саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау күшейтіледі.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау принциптері электронды саудада да, кәдімгі саудада да бірдей. Бірақ электронды коммерция арқылы біз сатушыны жеке көрмейміз және онымен кейбір мәселелерді шеше алмаймыз", – деп түсіндірді Серік Құсайынов.

Комитет басшысының орынбасары электронды сауда алаңдары сауда нысандарына теңестіріліп, тұтынушылардың сатушылар тарапынан бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қолға алынатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: