Ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады – Тоқаев

Президент Қазақстанда алаяқтық фактілерінің көбеюіне назар аударды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 16:26 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанда алаяқтық фактілерінің көбейіп кеткеніне назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент құрылтай мүшелері тағы бір өзекті мәселе – соңғы кездері алаяқтық фактілерінің көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп отырғанын атап өтті.

"Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегуде." Мемлекет басшысы

Сонымен қатар, мемлекет басшысының айтуынша, қазір елімізде халықты өмірге үйретіп, одан ақша тауып жүрген псевдопсихологтар мен жаттықтырушылар көп.

"Бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені Құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: