Тоқаев: Қызылорда мен Түркістан облыстарында электр станциялары салынады

Тоқаев: Қызылорда мен Түркістан облыстарында электр станциялары салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 18:07 Сурет: pixabay
Үкімет Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасын салады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазір бүкіл елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, 2025-2026 жылдардың өзінде Қашаған кенішінде газ өңдеу зауытын, сонымен бірге, "Талдықорған – Үшарал" магистральді газ құбыры мен "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының екінші желісін іске қосу жоспарланған.

Үкімет Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасын салады. Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылады.

"Кендірлі" демалыс аймағында су тұщытатын зауыт жұмыс істей бастайды. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласы тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етеді.

Қарағандыда және Екібастұзда болат қорытатын зауыттар, Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін химия кешені пайдалануға беріледі", - деді Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: