Тоқаев: Таяу арада екінші, тіпті үшінші АЭС-ті салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармаймын

Үкімет АЭС бойынша шетелдік қай компанияға басымдық береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2025 10:41 Сурет: pexels
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасын салуға бойынша Үкімет қай компанияларға басымдық беретіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе де талқыланды. Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болады деп уағдаластық. Атом стансаларын салуға байланысты шетелдерде тәжірибесі мол, білігі жоғары "Росатом" компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ Қытайдың азаматтық мақсатта қолданылатын ядролық нысандар салу ісіндегі зор жетістіктері ескеріле отырып, осы елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр", - деді Президент Ana tili газетіне берген сұхбатында.

Президент жобаға басқа да мемлекеттердің, оның ішінде Батыс елдерінің корпорациялары қызығушылық танытып отырғанын айтты.

"Биыл конкурстық рәсімдер өткізіледі. Содан кейін Үкімет түпкілікті шешім қабылдайды. Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екені анық, мен бұған сенімдімін", - деді Тоқаев.

Мемлекект басшысы, бұған қоса, таяу арада екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармамады.


"Ядролық өнеркәсіп саласы қазірдің өзінде энергетика тапшылығына тап болып отырған экономикамызды өркендетуге зор серпін береді. Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет деп санаймын. Оның болашағы зор", - деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: