Өскеменде Гематология орталығы салынатын болды

Өскеменде Гематология орталығы салынатын болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 18:53 Сурет: rfmc.kz
Бүкіл ел бойынша медицина инфрақұрылымын барынша дамыту жұмыстары жалғасады. Осы жылдың соңына дейін "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 188 медицина нысаны салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтай отырысында айтты.

"Риддерде көпбейінді аурухананы, Өскеменде гематология орталығын, Ақтауда жедел жәрдем стансасын, Алматыда Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығын, Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа ғимаратын пайдалануға беру қажет.

2026 жылы 32 аудандық орталық аурухананы жаңғырту, сондай-ақ Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауруханаларды салып бітіру керек. Жұмысты аяқтау мерзімін бұзуға болмайды", - деді Мемлекет басшысы.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: