Атмосфералық қысым өрісінің әсері: Елімізде 18 наурызда ауа райы қандай болады

Астана, ауа райы болжамы, 18 наурыз, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 17:55 Сурет: astana.gov.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы 2025 жылдың 18 наурызында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Тек еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс тән, ал еліміздің батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз оңтүстік -батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі үш қаласы бойынша алдағы үш күннің ауа райы болжамымен бөліскен болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: