Алматы полициясы Атакентте патрульдік көліктердің көптеп жиналуына қатысты түсінік берді

Алматы полициясы Атакентте патрульдік көліктердің көптеп жиналуына қатысты түсінік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2025 17:56 Сурет: polisia.kz
18 наурыз күні түстен кейін Алматыда Atakent Mall сауда үйінің жанында Тимирязев көшесінде полиция мен жедел жәрдем көліктері жиналды. Полиция Zakon.kz тілшісіне болған жайтты айтып берді.

Әлеуметтік желіде сауда орталығы ғимараты маңында кем дегенде алты полиция көлігі тұрған видео тарады. Алайда онда не болғаны туралы ештеңе жазылмаған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі онда бұзақылық фактісі тіркелгенін хабарлады.

"Бостандық аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Басқа мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Онда жаппай төбелес болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: