Тоқаев Путин мен Трамптың телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды.
Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша "Бейбітшілік формуласын" әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.
Еске салайық, бұған дейін Трамп пен Путин 2,5 сағат телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған едік.
Олар телефон арқылы Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге түбегейлі қадам жасау және тұтқын алмасу жайын талқылаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript