КПО Орал қаласында төрт қала мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады

"Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." компаниясы (КПО) Орал қаласында орналасқан төрт мектептің, атап айтқанда №17 ЖБМ, №9 ЖБМ, Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған қазақ мектеп-интернат кешені" КММ және "Д. Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебі" МКҚК ғимаратын күрделі жөндеуді аяқтады. Бұл жобаларды жүзеге асырудың мақсаты білім беру мекемелерінің жай-күйін жақсарту, оқушылар сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін заман талаптарына сай, қолайлы жағдай жасау.

Сурет: "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В."
Мектептерді күрделі жөндеу жобалары аясында іргетастарды жөндеу, төсеніштерді салу және сыртқы қабырғалар мен аралық қабырғаларды нығайту жұмыстары жүргізілді. Ғимараттар қасбеті қапталды, терезе жақтаулары, есіктері мен еден жабындары жаңартылды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары барысында бөлмелердің ішкі және сыртқы жағын өңдеу, инженерлік желілер мен жүйелерді жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Сурет: "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В."
Мектеп ауласында футбол, волейбол, баскетбол және гимнастикаға арналған спорт және ойын алаңдары салынды. Ауладағы жолдар бетіне асфальт, ал жаяу жолдарға тас төсемі төселді, сондай-ақ теректер мен бұталар егілді. Шағын архитектуралық формалар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған пандустар орнатылды.

Сурет: "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В."
Аталмыш жобаларды жүзеге асыру КПО-ның жергілікті қауымдастықты дамыту және білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге жәрдемдесу бойынша міндеттемелеріне адалдығын көрсетеді. Білім беру саласына салынған инвестиция тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақты дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сурет: "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В."
Серіктестік ақпарат