Наурыз мерекесі: Астанада 20-22 наурызда қандай спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтеді

Қой көтеру, Астана, Наурыз, 20-22 наурыз, спорттық-бұқаралық іс-шаралар , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 19:38 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында қаланың Дене шынықтыру және спорт басқармасы елорданың барлық ауданында, сондай-ақ тұрғын алаптарында бірқатар мерекелік спорттық іс-шаралар ұйымдастырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Қазақстанда Наурызынаманың онкүндігі аясында 20 наурызда ұлттық спорт күні атап өтіледі. Осыған байланысты елорданың еңбек ұжымдарында түрлі спорттық іс-шаралар жоспарланған.

Бұл күні паралимпиадалық жаттығу орталығының аумағында сағат 10:30-да ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир өтеді. Бағдарламада тоғызқұмалат, асық ату, арқан тарту және армрестлинг бойынша жарыстар бар.

"Aspan" спорт кешенінде сағат 11:00-де отбасылық командалардың қатысуымен ұлттық спорт түрлері бойынша "Ұлы дала ойындары" отбасылық эстафетасы өтеді.

Сонымен қатар, Алматы ауданында Достық үйінің аумағында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

"Астана Арена" стадионында сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін қазақша күрес, асық ату, бес асық, арқан тарту, лаңгі тебу және садақ ату бойынша жаппай мерекелік іс-шаралар өтеді.

Ал сағат 13:00-де "Арғымақ" ат-спорттық-сауықтыру кешені көрермендерді ұлттық спорт түрлері бойынша: қыз қуу, аударыспақ, лаңгі тебу, теңге іла, көкпар көрсетілімдеріне қабылдайды. Іс-шара аясында тазы тұқымды иттердің көрмесі де ұйымдастырылады.

21 наурызда "Нұра" спорттық-сауықтыру кешенінің аумағында балалар мен ересектер арасында үстел теннисінен жарыстар өтеді.

22-24 наурыз аралығында "Дәулет" спорт кешенінде Наурыз мейрамына арналған әуесқойлар арасында теннистен турнир өтеді.

Мерекенің негізгі күндері, яғни 21-22 наурыз күндері елорданың 6 ауданының аумағында 30-дан астам орында қазақша күрес, қой көтеру, арқан тарту, асық ату, қол күрес, гир көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Жарыс жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табысталады.

Іс-шаралар мына орындарда өтеді:

Сарайшық ауданы:

  • 21-22 наурыз –  "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаң;
  • 21 наурыз – Интернациональный, Мичурино елді мекендері, Күйгенжар шағын ауданы;
  • 22 наурыз – Промышленный тұрғын алабы.

Сарыарқа ауданы:

  • 21-22 наурыз – Қалалық алаң (Астана әкімдігінің алдында);
  • 21 наурыз – "Көктал" саябағы (С.Бейбарыс көшесі);
  • 22 наурыз – "Қорғалжын" гүлзары (Көктал-2 елді мекені), Агроқалашық елді мекені ("Формула успеха" ТК жанындағы тұрақ, Қазғұрт және Жалын көшелерінің қиылысы);

Байқоңыр ауданы:

  • 21-22 наурыз – "Ататүрік" саябағы (Ж.Тәшенов көшесі);
  • 21 наурыз – Жазушылар аллеясы (Абай даңғылы);22 наурыз – Өндіріс елді мекені (Ақбидай көшесі, 6), Кирпичный елді мекені (Шет және Жолымбет көшелерінің қиылысы).

Есіл ауданы бойынша:

21-22 наурыз – ЕХРО, "Бәйтерек" монументінің жанындағы алаң;

21 наурыз – Пригородный ЖМ (№24 орта мектеп ауданы).

Нұра ауданы:

21 наурыз – "Астана Арена" СК (Тұран даңғылы, 48);

22 наурыз – Ғашықтар паркі (Тұран даңғылы), Үркер ш/а, Жағалау ш/а.

Алматы ауданы:

21 наурыз – Теміржолшылар елдімекені (Маяковский көшесі, 3);

22 наурыз – Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Б. Момышұлы даңғылы), "Жастар" саябағы (Sana sport, Қажымұқан көшесі, 5), "Күйшілер аллеясы" (Абылай хан даңғылы мен Манас көшесінің қиылысы), "Алма" сквері (Рысқұлбеков көшесі, 16 үй), Қошқарбаев даңғылы, 80/1, Достық үйі (Б. Момышұлы даңғылы, 26).

Бұған дейін Наурыз мерекесінде елорданың медициналық ұйымдары қалай жұмыс істейтінін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: