Қазақстан жолдарындағы жағдай туралы: үш облыста қозғалыс шарттары өзгерді

Дорога, трасса, дорожное строительство, дорожная инфраструктура, новая дорога, новая трасса , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 09:49 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірінде 2025 жылдың 21 наурызында таңғы сағаттан бастап кейбір бағыттар бойынша тасымалдау шарттары өзгерді. Ақпаратты Zakon.kz сайтына "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ хабарлады.

Сағат 08:00-де келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүк көліктері үшін қозғалыс ашық:

Солтүстік Қазақстан облысы

  • айналма жолды қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуына байланысты "Астана – Көкшетау – (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы" KAZ02 автожолының 496-465 км учаскесі (Мамлют ауданы, Мамлютка қаласынан Ресей Федерациясының "Жол" шекаралық бақылау-өткізу пунктіне дейін) көлік қозғалысы қолжетімді;

Сонымен қатар, сағат 08:00-ден бастап екі облыста республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" а/ж 3-92 км (Қандыағаш қ. – Ембі қ.).

Қостанай облысы:

  • "Мариновка ауылына кіру" а/ж 9 км.

Қазір жол жөндеу жұмыстарына 104 арнайы техника мен 142 маман жұмылдырылған.

Қазақстандықтар жолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 Call-орталығына қоңырау шалу арқылы ала алатыны ескертілді.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарға 2025 жылдың 21 наурызында ауа райының нашарлауы туралы ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: