Көк шыққанға бір қуанып, шөп шыққанға бір қуанып: Алматыда қайтадан қар жауды

Алматы, гостиница Казахстан, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2025 11:26 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда 2025 жылдың 25 наурызы күні таңнан бері қар жауып, ауарайы күрт суытты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Түнде мегаполисте жаңбыр жауып, арты қарға ұласты.

Айта кету керек, нөлден жоғары температураның әсерінен ақ үлпек жерге түсіп үлгермей еріп кетіп жатыр. Қардың шамалы жиналуын тек кейбір үйлер мен ғимараттардың төбесінде, сондай-ақ автокөліктерден көруге болады.

Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматыда 25 және 27 наурызда жауын-шашын күтілуде. Ал 26 наурызда синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп уәде берді, бірақ түнде ауа температурасы -3°C дейін төмендейді:

  • 25 наурыз: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +4+6°C.
  • 26 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +5+7°C.
  • 27 наурыз: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +7+9°C.

Сурет: Zakon.kz

2025 жылдың 21 наурызында Алматыға 26 градус ыстықтан кейін күн суытып, қар жауатыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: