Әлемде күріш арзандады

Әлемде күріш арзандады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2025 12:54 Сурет: pixabay
Өйткені Үндістан өнім экспортына шектеуді алып тастады. Бұл шектеу 2022-жылы енгізілген еді.

Ол инфляцияны тежеп, ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған. Содан баға шарықтап, өнім тапшылығы туындады.

Себебі Үндістан Қытайдан кейін әлемде күріштің ірі өндірушісі саналады, деп жазады 24.kz.

Енді жергілікті билік экономикалық қиындықтарға байланысты фермерлердің табысын көтеру үшін ауыл шаруашылығы тауарларының экспортын арттыруға ниетті.

Былтыр қаңтарда күріштің бір тоннасы біздің ақшамен 337 мың теңге тұрса, қазір 204 мың теңгеге дейін арзандаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: