15 млн теңге жымқырған алаяқ алты жылға сотталды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 16:13 Фото: Zakon.kz
Тараз қаласының тұрғыны өзінің танысын оңай олжамен қызықтырып, 15 миллион теңгесінен айырды.

Ол апатты жағдайда тұрған ғимаратты қайта рәсімдеп, жекешелендіріп беруге уәде етіп, жәбірленушінің сеніміне кірген.

Қолма-қол санап берген қомақты қаражаттан кейін, күдікті түрлі сылтаулар айтып, жеті ай бойы танысын сендіріп келген.

Алайда уақыт өте келе ғимараттың мүлде басқа адамның атына рәсімделіп кеткенін естіген жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болды.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде алаяқтың қылмысы дәлелденіп, сот үкімімен ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Енді ол жазасын қауіпсіздігі аралас мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот шешімі бойынша жымқырылған 15 миллион теңгені, 3,5 миллион теңге тұрақсыздық айыбын және сот шығындарын өтеп беру міндеттелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: