Қазақстанда некені тіркеу күнін таңдауға бола ма

Қазақстанда некені тіркеу күнін таңдауға бола ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 12:37 Сурет: Instagram/gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бүгін, 2025 жылғы 27 наурызда қазақстандықтарға некені тіркеудің қажетті күнін қалай таңдауға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң жеке қатысуымен жүргізетінін атап өтті.

"Егер мерзімнің аяқталуы демалыс күніне келетін болса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі", – деп түсіндірді Мемлекеттік корпорация.

Осылайша, егер азаматтар белгілі бір күні некені тіркегісі келсе, олар өз бетінше есептеп, өтініш беретін күнді таңдай алады.

Бұған дейін қазақстандықтың әскери қызметке шақыру жасына дау айтпақ болып, сотқа жүгінгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: