Қазақстан туындағы араб жазуы: Атырауда рәмізді бұрмалаған қыздар ұсталды

Қазақстанның туындағы араб жазуы: Атырауда рәмізді бұрмалаған қыздар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 18:12 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде қара түсті жабық киім киген төрт адамның бұрмаланған Қазақстан туымен түскен суреті тарады. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Атыраудағы Мұз сарайында түсірілген сурет қоғамда үлкен резонанс тудырды. Суретте Қазақстан туында араб жазуын еске түсіретін өрнектер бейнеленген.

Сурет: әлеуметтік желі

"Бұл фотосуреттің таралуына байланысты мемлекеттік рәміздерді қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Фотосуретте бейнеленген төрт күдікті де анықталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтерді жария етілмейді", - деді Атырау облыстық полиция департаменті.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: