"Шығыстүстімет" шахтасында төрт жұмысшы қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды
Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 31 тамызда "Шығыстүстімет" шахтасында төрт жұмысшының қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 2024 жылы 31 тамызда "Шығыстүстімет" ЖШС-ға тиесілі "Жырлыш кенішінде" оқыс оқиға орын алып, салдарынан төрт жұмысшы қаза тапқанын, тағы зардап шеккен бір адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлайды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды ("тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу")", делінген ведомство хабарламасында.
Полиция тергеу жүргізіліп жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайлары алда анықталатынын нақтылайды.
"Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтады", делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД-ның алдын ала ақпараты бойынша, олар белгісіз заттан уланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript