СҚО-да шошқа өсіру кешенінде төрт жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
2023 жылғы 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы шошқа өсіру кешенінде төрт адам қайтыс болды. Облыстық полиция Zakon.kz сайтына қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Полиция қызметінің мәліметінше, бұл факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі – "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша тіркелген.
"Сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады".СҚО ПД баспасөз қызметі
1 тамыз сағат 23:25-те СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағаны туралы хабарлама түскен.
Іздестіру шаралары барысында жұмысшылардың денесі сол кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды.
Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript