Астанада есірткі таратқан ер адам ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 16:06 Фото: Zakon.kz
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында деструктивті діни ағымның жақтаушысын ұстады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол есірткіні қолданумен, сақтаумен және таратумен айналысқан.

Тұрғылықты жерін тінту барысында одан шегуге арналған құрылғы, 30 діни кітап және діни мақсаттағы бұйымдар табылды.

Белгілі болғандай, ер адам қаладағы қонақүйлердің бірінде жұмыс істеген және сол жерде де тыйым салынған заттарды таратқан.

Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: