ІІМ бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі

ІІМ бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2025 10:40 Сурет: primeminister.kz
Кейінгі аптада Қазақстанның бірнеше қаласы мен облысында есірткіге қарсы операциялар жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда 26 жастағы ер адам көлігімен 2,5 келі мефедрон, 50 грамм кокаин және 30 грамм "экстази" есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды. Сондай-ақ бір келіге жуық мефедрон мен 20 грамм кокаинды автокөлікпен тасымалдаған екі азамат ұсталды.

Абай облысында 27 жастағы ер адам құрықталды. Ол түрме аумағына салмағы 2 келі болатын алты орам гашиш тастамақ болған.

Астанада 27 жастағы ер адам 10 келіден астам гашиш пен 265 грамм марихуана сақтаған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып алған.

"Нәтижесінде бір апта ішінде 29 адам қамауға алынды. 110 келіден астам есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 78 келіден астам синтетика, 9 келі гашиш, 22 келі марихуана және 68 грамм кокаин. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: