Шымкенттегі екі қабатты кафеде өрт шықты

Шымкенттегі екі қабатты кафеде өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2025 10:42 Сурет: pixabay
Шымкентте Асар шағын ауданында екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер келген кезде кафеден қалың қара түтін шығып жатты. Нөлдік көріну мен жоғары температураға байланысты өрт сөндірушілерге өрт ошағын анықтау қиынға соқты.

Белгілі болғандай, жертөледе автомобиль бөлшектері мен майлар жанған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: