Астанада бірден төрт автобус қозғалыс сызбасын өзгертті

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2025 09:13 Фото: Zakon.kz
Астанада № 1, 6, 11 және 85 қалалық автобус маршруттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 30 наурызда CTS көлік компаниясы мәлімдеді.

"Құрметті жолаушылар! № 1,6,11,85 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді",- делінген ресми ақпаратта.

Компания өзгерістердің неліктен енгізілгенін және ол қашанға дейін жарамды екені жайлы ақпарат таратпады. Жолаушылардан маршруттарды жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеру және тиісті ақпаратты қадағалау сұралды.

Бұған дейін Ақтауда екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шыққандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: