Тайландта туристер мінген катер жарылып кетті: онда Қазақстанның төрт азаматы болған

Тайландта Қазақстан мен Ресейден барған туристер мінген катер жарылып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2025 18:22 Сурет: Zakon.kz
Тайландта Қазақстан мен Ресейден барған туристер мінген катер жарылып кетті. Оқиға Пхукет қаласы Майтон аралы маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Катерде 31 турист болған. Жарылыс кезінде 30-ы суда шомылып жүрген. 1 турист катер ішінде болып, зардап шекті. 

Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Қалғаны қонақ үйлеріне оралған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Оның айтуынша, катерде Қазақстанның төрт азаматы болған, олардың бәрінің жағдайы жақсы, әрі қарай демалып жатыр.

"Олардың екеуінің төлқұжаты жанып кеткен, консул ертең оларға уақытша құжаттарды береді, олар сол құжатпен Қазақстанға оралады", - деді Айбек Смадияров.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: