Тараздағы саябақта ер адам өлі табылды

Тараздағы саябақта ер адам өлі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2025 22:20 Сурет: видео скрині
Таразда кісінің қолынан ажал құшқан адамның жансыз денесі табылды. Оны куәгерлер көпқабатты үйлердің маңындағы шағын саябақта көрген. Тапа-тал түсте ауыр қылмыс жасаған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, полицейлер басының сау тамтығы қалмаған ер адамның кім екенін анықтады. Ал күдікті тез арада ізін суытқан.

Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр.

"Полиция Тараздағы шағынауданда ер адамның денесі табылуы бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғады. Мәйіттің жеке басы анықталды. Күдіктіні анықтау және ұстауға жедел іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр".Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: