Сәуірдің 2-сі күнгі сауда-саттықта доллар біршама төмендеді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, евро, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, курс евро, курс евро к тенге, повышение курса евро, повышение евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 15:45 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 2 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 503,05 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,95 теңге (+0,02) болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 69,11 теңгеге (-0,12) түсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 501,3-503,9 теңге, еуро 542,5-546,5 теңге, рубль 5,79-5,93 теңге аралығында сатылуда.

2 сәуірдегі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді. Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,01 долларға арзандап, 74,48 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,03 долларға қымбаттап, 71,23 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 503,15 теңге, еуроны 543,3 теңге, рубльді 5,93 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: