Астаналық дәрігерлер алты айлық баланы ажалдан аман алып қалды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 14:26 Фото: akorda.kz
Астаналық дәрігерлер шәугімдегі ыстық суға күйіп, жүрегі тоқтап қалған алты айлық сәбиді ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, әдетте жүрегі тоқтаған науқастың жағдайын қалпына келтіру үшін тек төрт-бес минут уақыт беріледі. Ал сәбидің жүрегі 10 минут соқпаса  да, реаниматологтар оны қайта тірілтіпті. Жансақтау бөлімінен кейін бірнеше күн бойы баланың өмірі қыл үстінде болған. 

"Алғашқыда тамырын таба алмадық. Соған байланысты жүрегіне адреналин енгізуімізге тура келді. Өйткені шұғыл жағдайда тамырын табу қиын, тамыр соғысы тым баяу болғандықтан осындай шара қабылдауға тура келді".Нұрсұлтан Құрбанбеков, Астана қаласы №2 көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі

Бір апта аппарат арқылы тыныстап, күйік терапиясын қабылдаған сәбидің жағдайы қазір тұрақты.

Бұған дейін жеті жасар қызды анасының көзінше жүк көлігі басып кеткен жағдайға қатысты тың ақпарат жариялаған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: