Теріс себептермен жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер туралы ақпарат қанша уақытқа дейін сақталады

Бас Прокурордың 2025 жылғы 28 наурыздағы бұйрығымен кейбір бұйрықтарға құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері ұсынған растайтын құжаттармен, журналдармен, теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдар туралы карточкалар мен хабарламалар Комитетте (орталық мемлекеттік органдар үшін) және аумақтық органдарда сақтау мерзімі 3 жыл болатын жеке номенклатуралық іспен толтырылады деп көрсетілген.
Комитеттің ақпараттық жүйесіндегі арнайы жазбалардан алынған ақпарат тұрақты сақтау мерзіміне жатады.
Бұйрық 2025 жылғы 13 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері өзгертілгенін хабарлаған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз