Павлодар маңындағы ірі дала өрті сөндірілді

Павлодар облысындағы орман өрті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2025 10:03 Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар маңында болған ірі дала өрті туралы кейінгі ақпаратты таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 4 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай орман шаруашылығында өрт шықты. Ол жерде құрғақ шөп жанып жатқаны хабарланды. Екпіні күшті жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етіп, жедел жұмысты қиындатты.

"Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы дала өрті алдын ала 20 гектар алаңда сөндірілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі 5 сәуірде.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: