Қазақстанның үш облысында су тасқынының шарықтау кезеңі өтті

Қазақстанның үш облысында су тасқынының шарықтау кезеңі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2025 17:22 Сурет: Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы
Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су қоймаларындағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.


"Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

6 сәуір күнгі жағдай келесідей:

  • Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 230,56 текше метр, Сілеті су қоймасынан 151,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 15,21 текше метр су;
  • Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 436 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су;
  • Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 740 текше метр су;
  • Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су;
  • Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 234,8 текше метр су;
  • Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1186,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 718 текше метр су жіберіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: