Павлодар облысында кезекте тұрғандарға баспана берілмеген

Ключи от новых квартир, ключи от новой квартиры, новая квартира, ключи от новых домов, ключи от нового дома, новые дома, новый дом, новоселье, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2025 14:37 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысының Железин ауданында 200-ден аса адам баспана кезегінде тұр. Ал әкімшілік соларға деп мемлекет қаржысына салынған 65 үйді ешкімге үлестірмей, есігін құлыптаулы күйі қалдырған.

Тіпті жетім балаларға тиесілі үйлерді мұғалімдерге беріп, мемлекеттік қызметкерлерге кезектен тыс пәтер үлестірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Заңды белден басқан қызметкерлер жеңіл жазамен құтылған дейді тексеру жүргізген прокуратура өкілдері.

"Баспанаға мұқтаж адамдарды алдымен қамтудың орнына өз беттерінше әрекет жасаған. Мысалы Мыңкөл ауылында 4 үй бос тұр. Ал сол жердің бес тұрғыны пәтер күтіп жүр. Олардың ішінде жетім балалар, мүгедектер және көп балалы отбасы бар. Ал осыған жүрдім-бардым қараған аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысына Мемлекеттік қызмет Департаменті жанындағы этика жөніндегі кеңес қызметіне толық сай емес деген ескету жасаумен шектелді." Ерлан Төлеков, облыстық прокуратураның ресми өкілі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: