Жамбыл облысында полиция тасжолдағы автокөліктен 34 келі гашиш тапты

Жамбыл облысында полиция тасжолдағы автокөліктен 34 келі гашиш тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында автокөлік тоқтатылды. Онда екі азамат болған.
"Қызметтік иттің көмегімен көлікті тексеру барысында есік жақтауларында және багаж бөлігінде гашиш салынған 35 орам табылды. Оның жалпы салмағы - 34 келі. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз