Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті

Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 19:41 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы – Екатеринбург автожолының 430-шақырымында Toyota Camry көлігін тоқтатты. Қызметтік-іздестіру иті Тэяның көмегімен көліктің жүксалғышын тексеру кезінде жолаушыға тиесілі спорттық сөмкеден скотчпен оралған пакет табылды.

Пакеттің ішінде өзіне тән иісі бар кристалл тәрізді зат болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 470,07 грамм болатын альфа-PVP синтетикалық есірткі заты болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті, 34 жастағы Астана қаласының тұрғыны УҰИ-ға қамалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: