Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың жаңа баж салығына қатысты пікір білдірді

Министерство иностранных дел Республики Казахстан, МИД РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 10:46 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров 2025 жылдың 9 сәуірінде Мәжіліс алаңында АҚШ президентінің сауда баж салығын 27%-ға көтеруіне Қазақстанның қалай қарайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Сыртқы істер министрлігі қазақстандық тауарларға импорттық баж салығын төмендетуге қатысты АҚШ үкіметімен келіссөз жүргізіп жатыр ма деген сауал қойды.

"Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз, өйткені баж салығы енді ғана енгізілді. Қателеспесем, олар 27 пайызды құрады, сондықтан қазір үкімет бұл мәселені талқылап жатыр", – деді Әлібек Қуантыров.

3 сәуірде Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың бірқатар тауарларға жаңа кедендік баж салығын енгізуіне қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, үкімет Қазақстанға қосымша баж салығын қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін америкалық тараппен консультациялар өткізуге кірісіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: