Көпқабатты үйдің шатырындағы "жеке тұрғын үй": ол туралы не белгілі

Көпқабатты үйдің шатырындағы "жеке тұрғын үй": ол туралы не белгілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 15:28 Сурет: TikTok/sorpa.kz
Желіде көпқабатты ғимараттың шатырындағы жеке тұрғын үйдің бейнесі жылдам тарауда. Ол туралы не белгілі, Zakon.kz ақпаратында.

Бұл жеке үй Жұмалиев көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында орналасқан. Ол қалай салынды, оның иесі кім әзірге белгісіз. Дегенмен, құзыретті органдар істің мән-жайын анықтауда.

"Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін материалдар жиналуда, оның шеңберінде объектінің құқықтық мәртебесін растау үшін мұрағаттық құжаттар көтерілетін болады", – деп түсіндірді қала әкімдігі.
@santehnik_ala.kz Интересно у них центральная канализация или септик?🤣 #дом#алматы#необычно#прикольно ♬ оригинальный звук – santehnik-ala.kz

Сондай-ақ, бұл "нысанды" қабылдау комиссиясы 2012 жылы пайдалануға бергені атап өтілді.

Желі қолданушылары да қалыс қалмай пікір қалдыруда.

  • Бұл Карлсонның үйі)
  • Мұржасы да бар екен, қызық болып тұрғаны, көмірді жеделсаты арқылы көтере ме екен әлде баспалдақпен бе?)
  • Пентхаус қой
  • Бағы бар ма екен
  • Дәретханасы сыртта болса иә) 

Бұған дейін "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілгені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: