Алматыдағы көпқабатты үйдің төбесіндегі жеке үй: оқиғаның жалғасы

Алматыда көпқабатты үйдің төбесінде салынған жеке үй оқиғасының өрбуі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұмалиев көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің төбесіндегі үйдің кадрлары 2025 жылдың сәуір айында әлеуметтік желіде пайда болды.Ол кезде оның 2012 жылы қабылдау комиссиясының пайдалануға берілгені белгілі болған.Бұның қаншалықты заңды екенін құзырлы органдар анықтауға кіріскен. Ал бүгін, 23 маусымда Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі осы оқиғаның жалғасымен бөлісті.
"Қала құрылысын бақылау департаменті Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына құқық белгілейтін құжаттардың күшін жою және нысанды (мезонина) бұзу туралы талап арызбен жүгінді. Сот процесі жүріп жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.
Осы арада тағы бір алматылық тұрғын үйінің шаршы метрін ұлғайтуды ұйғарып, үшінші қабаттағы террассадағы пәтеріне бір қабатты үй салып берді. Бірақ бұл заңсыз болды және ғимарат бұзылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript