Оралда көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен жасырын есірткі зертханасы табылды

Есірткі бизнесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 21:25 Сурет: ҚР ІІМ
БҚО-да көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде қарасораны жасырын өсірген азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жылыжайдың иесі 39 жастағы көпқабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде 8 бақша құмырасы, қарасора мен тыңайтқышқа ұқсас өсімдіктер тәркіленді. Жасырын бөлме қабырғалары фольга, пластикалық материалмен қапталған, жылу, жарықтандыру және желдету жүйесі жүргізілген", делінген полиция хабарламасында.

Күдіктінің айтуынша, ол құрал-жабдықтар мен тұқым, марихуана өсіруге арналған бейне нұсқаулықты Telegram желісі арқылы тапсырыс беріп, алдыртқан. 

Қазір аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: